2019 жылы 21 мамырда колледжде «Әлеуметтік серіктестік - оқытудың дуальді және модульдік жүйесі жағдайында кәсіби кадрларды даярлаудың негізгі шарты» индустриалдық кеңесінің отырысы өтті. «Кадрлар бәрін шешеді».
Әлеуметтік серіктестердің алдында колледж директоры Е. Крайнева сөз сөйлеп, оқу және өндірістік тәжірибені ұйымдастыру арқылы оқыту сапасын арттыру туралы айтты.
Жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында жастарды қолдау шаралары туралы Степногорск қаласының жұмыспен қамту орталығының директоры К. Гафарова баяндады.
Бітіруші топ студенттері өндірістік тәжірибеден өтіп жатқан кәсіпорындарды таныстырды. Оқу үрдісінде алған және жұмыс берушілермен бірге «Табысты студент - жақсы маман» кластерін құрастырған дағдылары туралы айтты.
Колледждегі зертханаларда, шеберханаларда түлектер қорытынды аттестаттаудың кешенді емтиханының практикалық бөлігін қорғады.
Автор: Тюрющева Г.А.
Аударған: Аубакирова Ф.К.