21-23 мамыр күндері Щучинск қаласында Ақмола облысының техникалық және кәсіптік білім беру қызметкерлері арасында «Үздік педагог-2019» облыстық байқауы өтті. Конкурсқа қатысушыларды іріктеу белгілі бір критерий бойынша жүргізілді, оған сәйкес әрбір колледж лайықты қатысушыны қоюға тырысты. Байқауға облыс колледждерінің 18 педагогы қатысты.
«Степногорск қаласы, индустриалдық-техникалық колледжі» МКҚК «Химиялық технология және өндіріс» мамандығы бойынша өндірістік оқыту шебері Тополя Виктория Владимировна лайықты көрсетті.
Байқау 5 кезеңде өтті:
1. «Менің кәсіби ұстанымым» өзін-өзі таныстыру;
2. «Педагогтың шығармашылық зертханасы» көрмесі;
3. «Мен қазіргі заманғы педагогпін» эссесі;
4. Педагог портфолиосы;
5. Мастер-класс (сабақ фрагменті)
Байқау барысында білікті қазылар алқасы көптеген көрсеткіштерді бағалады-педагогтің педагогикалық қызметінің нәтижелілігі, кәсіби құзыреттілігі, педагогикалық қызметтің кәсіби шеберлігін бағалау, ғылыми-практикалық конференцияларға, семинарларға қатысу, педагогтің аймақтың білім беруді дамытуға қосқан жеке үлесі және т. б.
Байқау нәтижесі бойынша біздің колледжден Тополя Виктория Владимировна 1 орынға ие болды.
Өндірістік оқыту шебері В. В. Тополя
Аударған: Аубакирова Ф.К.