"Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы  Степногорск қаласының жоғары колледжі " мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший колледж города Степногорск  при управлении образования Акмолинской области"

әлеуметтік желілер

    


«    Шілде 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Менің елімнің рәміздері» сынып сағаты

05.06.2019

«Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу құрметіне бүгін, 2019 жылдың 4 маусымында «Степногорск қаласы, индустриялық-техникалық колледжі» МКҚК - да өндірістік оқыту тобының жетекшілері мен шеберлерімен «Менің елімнің рәміздері» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді, сынып сағаттарының мақсаты-белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға ықпал ету және біздің Республикамыздың рәміздері туралы білім алушылардың білімін тереңдету болып табылады.

Біздің мемлекетіміздің рәміздері оның егемендігі мен тәуелсіздігінің, халық пен билік бірлігінің даусыз айғақтары бар, сол арқылы қазақстандық демократияның, жалпыадамзаттық құндылықтарға шоғырлану мен ұмтылыстың белгілі бір мемлекеттік идеясын білдіреді. Біздің студенттер еліміздің рәміздерін қаншалықты терең білетіндігін білу үшін оларға «Білім аукционы» викторинасына қатысу ұсынылды. Ойын барысы мен оның қорытындысын шығару балалардың Мемлекеттік рәміздер саласына, туған еліміздің тарихи өткені мен дәстүрлеріне деген танымдық қызығушылығын көрсетті.

Сонымен қатар, 9 маусым күні сайлау қарсаңында топ жетекшілері студенттермен алдағы оқиға туралы, сайлау арқылы мемлекет тағдырына әрбір азаматтың қатысуын саналы түрде түсіну қажеттігі туралы түсіндіру әңгіме өткізді. Студенттерге Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына үміткерлердің тізімі және олардың сайлау алдындағы бағдарламасының негізгі бағыттары айтылды, сондай-ақ балалар жасырын дауыс беру жүйесімен танысты. Өмірде алғаш рет «сайлаушы» құрметті атағына ие болған студенттерге дұрыс таңдау жасау және Болашақ – біздің қолымызда екенін есте сақтау тілейміз.

Сатанова А.Б.

Аударған: Аубакирова Ф.К.

Просмотров: 467


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст