Сайлау алдындағы іс-шаралардың желілік кестесіне сәйкес, Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын жүзеге асыру аясында бүгін «Степногорск қаласы, индустриялық – техникалық колледжі» МКҚК-да «Kazakhstan Innovations» қоғамдық қоры өкілдерінің қатысуымен «Мерзімінен бұрын сайлау-Елбасының стратегиялық курсының сабақтастығының кепілі» атты студент жастар форумы өтті.
«Kazakhstan Innovations» ҚҚ төрайымы – Абишева Мариям Сериковна өз сөзінде сайлау туралы заңнаманың ерекшеліктерін, сайлаудың мәні мен рөлін, дауыс беру тәртібін, сайлау комиссияларының қызметін ұйымдастыруды және олардың іс-әрекеттеріне шағым жасауды, сайлау бостандығын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін, сайлау науқаны барысындағы шешімдер мен іс-әрекеттерге шағымдану және жою, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікті түсіндірді.
Форумға алғаш рет «Индустриалдық-техникалық колледжі» МКҚК, «Тау-техникалық колледжі» МКҚК және «Мақсат» колледжі студенттері шақырылды.»
Іс-шараның мақсаты-сайлау құқығы саласындағы халықтың құқықтық мәдениетін арттыру.
Сатанова А.Б.
Аударған: Аубакирова Ф.К.