"Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы  Степногорск қаласының жоғары колледжі " мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший колледж города Степногорск  при управлении образования Акмолинской области"

әлеуметтік желілер

    


«    Шілде 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Воспоминания о WorldSkillsKazan 2019

09.09.2019

45-ші әлемдік WorldSkillsKazan2019 чемпионаты аяқталды. Уайымдар мен жан толғаныстары басылып, осы жарқын оқиға туралы естеліктерімен бөлісетін уақыт келді. 22-26 тамыз аралығында Қазан қаласында "WorldSkills" стандарттары бойынша кәсіби шеберлік жарысына 63 ел мен аймақтан 56 құзыреттілік бойынша 1 354 жас маман қатысты.

Чемпионат шын мәнінде керемет және есте қаларлық болды, ол «Қазан Арена» стадионындағы салтанатты ашылу рәсімінен бастап, әлемдік деңгейдегі "Қазан Экспо" көрме кешенінің таңқаларлық көлемді ауқымымен, оның түрлі құзыреттіліктегі көптеген кластерлерімен аяқталады. Индустриалдық-техникалық колледжінен "Визуалды мерчендайзинг" құзыреттілігіне "Дизайн (бейін бойынша)" мамандығы бойынша оқитын студент Татьяна Антонова айқасқа қатысты.

Жарыс кезеңі өте қауырт және қызу өтті. Бұл құзыретте әлемнің әр елінен 15 қатысушы бақ сынасты. Сарапшылардың қатаң қадағалауымен және көптеген туристердің қызықты көзқарастарымен, қысқа уақыт ішінде белгілі бір элементтерді міндетті түрде пайдалана отырып, теңіз тақырыбына арналған Витриналық кеңістікті ресімдеу қажет болды. Тапсырманы орындау барысында композиция, түстер туралы ғылым және дизайн туралы білім ғана емес, сонымен қатар электрлобзик көмегімен фанерадан авторлық реквизит жасау және бетін бояу дағдылары қажет болды.

Барлық қатысушылардың, сарапшылар мен жанкүйерлердің жүректері WorldSkills ырғағында бірнеше күн бойы соғылды. Бұл 4 күн сол жерде болған және тікелей трансляция мен әлеуметтік желілер бойынша көрген және бастан кешкендердің есінде ұзақ қалады.

Елдегі / әлемдегі кәсіби шеберлік-бұл біздің өміріміздің сапасының көрінісі және оған әрбір студент пен оқытушы бар ынтамен атсалысуы тиіс. Осылайша біз әлемді жақсартамыз.

Габченко В.А.

Аударған: Джункабаева З.А.

Просмотров: 355


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст