Полиглот деп өзі үшін 3 шет тілін үйренген адамды айтады. Егер бұл тілдер әртүрлі тілдік топтарда болса, ол үлкен жетістік болып саналады.
Екі тілді меңгерген адамдарды билингв, үш — полилингв, үштен аса — полиглоттар деп атайды.
Осы ретте, 2019 жылы 18 қыркүйекте Тілдер онкүндігі аясында «Степногорск қаласы, индустриалдық-техникалық колледжі» МКҚК 1 курс студенттері арасында «Полиглот» өтті. Бұл іс-шараға 1-АК-19, 1-СКД-19, 1-ТМА-19 және 1-МЭ-19 топтары қатысты. Ойын 3 тілде өткізілді: қазақ, орыс және ағылшын. Ойын өте қызықты және көңілді өтті. Командалар өздерінің ұйымшылдығын, тілдерді меңгеруін және ой-өрісін көрсете білді. 1 орынға 1-АК-19 командасы, 2 орынға 1-СКД-19 командасы, 3 орынға 1-ТМА-19 және 4 орынға 1-МЭ-19 командасы ие болды. Іс-шараны қазақ тілі пәнінің оқытушысы Акмарал Болатовна Дошумова және ағылшын тілі пәнінің оқытушысы і Фариза Куандыковна Аубакирова өткізді.
Біз студенттерге қатысқандары үшін алғыс білдіреміз және оларға оқуда әрі қарай табыстар мен жаңа жетістіктер тілегіміз келеді.
Аубакирова Ф.К.