Өткен аптада, 2019 жылдың 23-26 қазан аралығында Бозайғыр ауылында үстел теннисі және шахматтан Ақмола облысы колледждерінің арасында облыстық жарыстар өтті. Біздің команданың өкілі АӘД оқытушы-ұйымдастырушысы Копжасар Ахметжамиевич Бакбергенов және біз, Степногорск қаласының Индустриалдық-техникалық колледжінің студенттері осы жарыстарға қатыстық. Жарыстың ашылуына Ақмола облысының әр аймағынан 17 команда келді. Степногорск қаласымен біздің колледжді шахматшылар: Ильченко Юлия, Гаца Юлия, Сыздыков Фаррух, Олжабай Алмас, теннисшілер: Марьюшкина Наталья., Спачукова Марина, Қазез Нұрсұлтан, Ксеубаев Қуаныштар қорғады.
Біз үстел теннисінен 9 орын, шахматтан 13 орын алдық. Бірақ біз өкінбейміз, ең бастысы жеңіс емес, қатысу. Біз осындай қысқа уақыт ішінде достасып, жаңа таныстарымызды тауып, ең бастысы зор тәжірибе мен жарыс рухын жинадық. 26 қазанда жарыстың жабылуы және командаларды марапаттау өтті.
Біз саяхатқа өте ризамыз, келесі жарыстарды, әрине, әрі қарай жеңістерді асыға күтеміз!
Марьюшкина Н.,4 СКД тобы студенті