Текст
«Білімді ұлт: білімге құштарлық, еңбексүйгіштік және патриотизм» тақырыбындағы Ақмола облысы педагогтарының тамыз форумы аясында, жоғары колледж басшысы Елена Владимировна Крайнева өскелең ұрпақ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттауға және парасаттылық құндылықтарын ілгерілетуге қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)Ақмола облысы бойынша Департаменті басшысы Арман Тастемірұлы Рахимовтың Алғыс хатымен марапатталды. Құрметті Елена Владимировна, біздің тату ұжымымыздың ең шынайы және шын жүректен құттықтауларын қабыл алыңыз! Сізге шын жүректен зор денсаулық, амандық, сарқылмас қуат және барлық бастамаларыңызға табыс тілейміз!