Форма емес адамды лайықты етеді,
ал адам формаға лайық болуы керек.
Колледж жастарына патриоттық тәрбие беру мақсатында 2022 жылдың 8 қарашада колледждегі ер азаматтармен Степногорск қаласының қорғаныс істері бөлімінің бастығы подполковник С.Х. Қасенов әскери-патриоттық жұмыс жөніндегі бөлім бастығының көмекшісі Д.Д. Макановамен бірлесіп біздің колледж студенттері арасында "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-оқу орындары және оқуға түсу тәртібі" тақырыбында түсіндіру және насихаттау сұхбат өткізілді.
Іс-шара барысында студенттер әскери мамандықтар түрлерімен, жоғары оқу орнын аяқтаған соң әскери қызметтің перспективаларымен қызығып, т.б. да өздерін қызықтырған сұрақтар берді.
Соңында студенттерге Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-оқу орындары туралы буклеттер мен жадынамалар таратылды.
Степногорск қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің қызметкерлеріне іс-шараны өткізудегі бірлескен жұмыстары үшін алғысымызды білдіреміз.
АӘД оқытушы-ұйымдастырушысы
К.А. Бақбергенов