Біз колледжімізді таныстырып қана қоймай, сонымен қатар жаңа білім мен баға жетпес тәжірибе алдық. Біздің орыс тілінде оқыту секциясына республиканың түкпір-түкпірінен 10 команда қатысты.
Байқауға біздің команда "Кафе-кітапхана" бизнес-идеясын әзірледі. Негізгі идеямыз біздің қалада кітап оқуға қызығушылық танытқан тұрғындар үшін "кафе-кітапхана" ашу болды.
Турнир басталар алдында бізді конкурс ережелерімен таныстырды, әрі қарай біз өз бизнес-жобамызды әзірлеумен айналыстық, бейне-презентация жаздық, финалда төрешілермен және қатысушылармен бірге онлайн-режимде бизнес-жоспарды қорғауды өткіздік.
Біз бизнес-жоспарды әзірлеу барысында өз міндеттерімізді команданың барлық мүшеоеліне тең бөлдік, қатысушылардың әрқайсысы белгілі бір бөлімдерді дайындап, ұсынды. Өз жұмысымызға жауапкершілікпен қарау және колледжімізді дәріптеуге деген ұмтылыс бізге екінші орынға ие болуға көмектесті.
Біз осы конкурсқа қатысып, жүлделі орынға ие болғанымызға өте қуаныштымыз, болашақта осы жобаны іске асыру бойынша үлкен жұмыс күтіп тұр. Бұл біздің мақсатымыз.
Кәсіби оқыту шебері Нұржаксина Айдана Ғазизқызына осы жобаға қатысуға және біздің бизнес-идеямызды іске асыруға көмектескені, қолдағаны, мүмкіндігі үшін алғыс айтқым келеді.
2 Б-21 тобының студенттері: Межидова Е., Угрюмова М., Султангазина Н.