"Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы  Степногорск қаласының жоғары колледжі " мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший колледж города Степногорск  при управлении образования Акмолинской области"

әлеуметтік желілер

    


«    Шілде 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қазақстан Тәуелсіздігінің шежіресі» атты сыныптан тыс іс-шара

25.12.2022

Тәуелсіздік күнін Қазақстан азаматтары жыл сайын атап өтеді және мемлекеттік мереке болып табылады. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мен мемлекеттік егемендігі туралы заң қабылдаған күннен бастап биыл 31 жыл толып отыр.

2022 жылдың 22 желтоқсаны «Степногорск қаласының жоғары колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Қазақстан Тәуелсіздігінің шежіресі» атты викториналық ойын түрінде сыныптан тыс іс-шара өткізілді.

Бұл іс-шараның мақсаты мен міндеттері – өтілген материалды қайталау, білімдерін тиянақтау, топпен жұмыс жасай білу, Қазақстан тарихы мысалында оқушыларды патриоттық сезімге тәрбиелеу. Студенттердің интеллектуалдық әлеуетін және пән бойынша білімін көрсету мүмкіндігі.

Ойынға қатысушылар 1 курс студенттері, топтар: 1Б-22; 1ДСМ-22; 1ГС-22; 1КИПиА-22; 1СКД-22. Викторина 4 турдан тұрды. Ойын өте эмоционалды өтті, командалардың жеңіске, бірінші болуға деген құлшынысы зор болды.

Бірінші орынды 1Б-22 командасы иеленді, екі команда тең ұпай саны бойынша 2-орынды бөлісті – 1СКД және 1ГС, 3-орын, 1ДСМ тобы 4-орын, 1КИПиА тобы 4-орынға ие болды.

Барлық жігіттер ойынға барынша берілген, бірақ 1СКД тобының студенті Амантаев Думанды ерекше атап өткім келеді, себебі. объективті жағдайларға байланысты ол жалғыз өзі өте сәтті күрескен бүкіл команда үшін ойнауға мәжбүр болды.

Қонақтардан: директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Ерещенко Н.В., әлеуметтік педагог Гафнер Н.А., п/о магистрі Голубева И.Я.

Техникалық сарапшы ретінде ТМА-20 тобының 3 курс студенті Егор Чуркиннің көмегі көп болды.

Тарих пәнінің мұғалімі Михеева Е.П.

Просмотров: 1020


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст