"Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы  Степногорск қаласының жоғары колледжі " мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший колледж города Степногорск  при управлении образования Акмолинской области"

әлеуметтік желілер

    


«    Шілде 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Автокранның үздік машинисті

24.12.2019

2019 жылдың 12 желтоқсанында "Степногорск қаласының Индустриалды-техникалық колледжі" МКҚК-да "Автокранның үздік машинисті" құзыреттілігі бойынша World Skills чемпионаты өтті.
World Skills (WS) мақсаты - жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру және шеберлік дағдыларын дамыту болып табылады.
Конкурстың міндеттері:
1. Студенттердің кәсіби дайындық деңгейін арттыру.
2. Игерілетін профессияға қызығушылықты дамыту.
3. Студенттер арасындағы тәжірибені жалпылау және тарату.
4. Студенттерді |зЗерттеу пәндеріне ынталандыру

Байқауға 3АК-17 тобының 6 студенті қатысты. Қатысушылар жақсы көңіл-күймен кірісіп, ортада өз шеберліктері мен дағдыларын көрсетті.
Байқау 2 кезеңнен тұрды - теориялық және практикалық. Теориялық кезеңде қатысушылар арнайы технология бойынша тест тапсырмаларын өтті. Техникалық кезеңде қатысушылар автомобиль крандарында - "Жүк түсіру және тасымалдау" жқмысын көрсетті.
Чемпионатқа қатысушылардың жұмысын сараптау комиссиясы бақылап, бағалады.:
1. Тюрющева Галина Александровна-бас сарапшы, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
2. Молдабеков А. М.-арнайы технология оқытушысы.
3. Рыжих Т. А.-аға шебер.
4. Касенов О. Т.-аға шебер.
5. Кусаинбеков М. Б-техникалық сарапшы ө/о шебері
Чемпионат қорытындысы бойынша
1 орын-Бостанов Бауржан
2 орын-Загаев Ильяс
3 орын-Головчанов Андрей алып, қойылған міндеттерді өте жақсы орындап, өз шеберліктерін көрсете алды. Келешекте студенттер жұмысшы кәсіптерінің беделін арттырып, үлкен белестерді бағындарады деп үміттенеміз.

Кусаинбеков М.Б.

Просмотров: 422


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст