"Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы  Степногорск қаласының жоғары колледжі " мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший колледж города Степногорск  при управлении образования Акмолинской области"

әлеуметтік желілер

    


«    Шілде 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Шекараны күзететін - шекарашы

02.02.2023

ҚР Қарулы Күштері үшін жастар қызметінің кәсіптік бағдар беру жұмысы мақсатында 2 корпустың акт залында колледж түлектерімен Степногорск қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы подполковник С.Х. Касеновпен Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына түсу және мерзімді әскери қызметке шақыру мәселелері бойынша үгіт-насихат іс-шарасы өткізілді.

Студенттермен кездесуге ҚР ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы департаментінің Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасының аға офицер – әскери психологы капитан Шутанов Ербол Абайұлы қатысты. Ол жастарға ҚР Мемлекеттік шекарасының қасиетті және қол сұғылмайтынын түсіндіріп, шекарашылардың қызмет өткеру тәртібін және оның ерекшеліктерін айтып берді.

Әскери оқу орындарында оқудың негізгі артықшылықтары, мерзімді әскери қызмет өткеру шарттары және әскерде қызмет еткен азаматтар үшін білім беру жеңілдіктері түсіндірілді. Сондай-ақ мерзімді әскери қызметке шақыру тәртібі бойынша "әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" ҚР Заңының баптары жеткізілді.
Аталған іс-шара барысында студенттер әскери мамандықтардың түрлеріне, әскери қызмет өткеру перспективаларына қызығушылық танытты, сондай-ақ көптеген сұрақтар қойылды.

Біз Қарулы Күштеріміздің қызметкерлеріне іс-шараны өткізудегі бірлескен жұмысы үшін алғысымызды білдіреміз.

АӘД оқытушы-ұйымдастырушысы
К.А. Бақбергенов

Просмотров: 1233


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст