Наурыз айы елімізде маңызды оқиғаларға бай болды. Бір ай ішінде Наурыз мейрамына арналған әр-түрлі іс-шаралар,байқаулар мен ашық сабақтар өткізілді. Степногорск Жоғары колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Тупина Имут Аутеновна 1 Д-22 топ студенттерімен «Театр-өнер айнасы» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді. Сабақтың басты мақсаты-театр өнері туралы ақпарат беру, қазақ тілін білу деңгейін көтеру және студенттердің оқып үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру. Отанын , салт - дәстүрін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақ барысында оқытушы жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқытудың тиімді әдістерін қолданып, жеке, жұптық топтық жұмыс формаларын қолданды.
Топ студенттері сабаққа белсенді қатысып, өздерінің білім денгейлерін көрсететті және қойылған міндеттерін толық орындады. Сабақтың негізгі бөлігінде қазақ халқының жазушысы Ғабит Мұсіреповтың « Қыз-Жібек» эпосынан көрініс ұсынылды. Студенттер Төлеген, Жібек, Бекежан бейнесі арқылы жақсылық пен жамандық, сатқындық пен адалдық сияқты философияның этикалық категорияларына назар аударды. Болашақ дизайнерлер өздерінің қызығушылықтары мен білімдерін көрсетіп, мемлекеттік тілге және қазақ халқының мәдениеті мен рухани байлығына құрметерін білдірді. Жас ұрпаққа білім беру және жеке тұлға ретінде қалыптасуына ұстаздардың еңбегі зор екені сөзсіз!
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Алиева Б.С.