Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 31 жыл толуына арналған айлық аясында 2020 жылдың 12 сәуірінде колледж студенттері арасында "Отан қорғаушы" әскери-спорттық кешенінің нормативтерін орындау бойынша жарыстар өткізілді.
Мақсаты мен міндеттері:
- жоғары патриоттық сананы қалыптастыру, өз Отанына деген адалдық сезімін қалыптастыру;
- Отан мүдделерін қорғау бойынша азаматтық борыш пен конституциялық міндеттерді орындауға жауапкершілік сезімін тәрбиелеу;
- колледж студенттерінің күш қасиеттерін жан-жақты дамыту;
- осы түр бойынша облыстық жарыстарға қатысу үшін дайындық көрген жасөспірімдерді анықтау.
Нормативтердің орындалуы келесі түрлер бойынша жүргізілді:
1. Жоғары кермеде тартылу;
2. Отыру қалпынан жоғары секіру;
3. Арқаға жатқан бойда денені көтеру;
4. Жатқан бойда қолды бүгу және жазу (кеудені жерден көтеру).
Бұл іс-шараға біздің колледждің 18 жасқа толмаған барлық студент-бозбалалары қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша төмендегілер жеңімпаз атанды:
Жоғары кермеде тартылу
1 – орын: Қайыржан Нұрсұлтан, 1 Э-19 тобының студенті
2 – орын: Дрыга Адиль, 1 АК-19 тобының студенті
3 – орын: Зленко Артем, 2 АК-18 тобының студенті
Отыру қалпынан жоғары секіру
1 – орын: Талжанов Тимур, 2 АК-18 тобының студенті
2 – орын: Оспанов Адиль, 1 МЭ-19 тобының студенті
3 – орын: Махаббат Нурислам, 2 Э-44 тобының студенті
Арқаға жатқан бойда денені көтеру
1 – орын: Зленко Артем, 2 АК-18 тобының студенті
2 – орын: Қайыржан Нұрсұлтан, 1 Э-19 тобының студенті
3 – орын: Әбдіжапбар Алимжан, 2 МЭ-18 тобының студенті
Жатқан бойда қолды бүгу және жазу (кеудені жерден көтеру)
1 – орын: Махаббат Нурислам, 2 Э-44 тобының студенті
2 – орын: Белан Даниил, 2 МЭ-18 тобының студенті
3 – орын: Қайыржан Нұрсұлтан, 1 Э-19 тобының студенті
Жалпы есепте (барлық түрлері бойынша)
1 – орын: Қайыржан Нұрсұлтан, 1 Э-19 тобының студенті
2 – орын: Әбдіжапбар Алимжан, 2 МЭ-18 тобының студенті
3 – орын: Зленко Артем, 2 АК-18 тобының студенті
Біз студенттерді "Отан қорғаушы" әскери-спорттық кешенінің нормативтерін табысты орындауларымен құттықтаймыз және біздің колледждің командасына осы түрдегі облыстық жарыстарда лайықты өнер көрсетуін және жеңімпаз атануын тілейміз!!!
АӘД оқытушы-ұймдастырушысы
К.А. Бақбергенов