"Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы  Степногорск қаласының жоғары колледжі " мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший колледж города Степногорск  при управлении образования Акмолинской области"

әлеуметтік желілер

    


«    Шілде 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тіліміз-біздің тірегіміз

17.11.2017

Қазіргі таңда тіл тағдыры әркімді толғандырмай қоймайды, сондықтан бұл қадам болашақ  үшін өте  маңызды Еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жыл­дан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін айтты. Қазақ тілін латын әліпбиіне көші­ру­дің нақты кестесін жасауды тапсырып, бұл жұмысты қазірден бастап қолға алу қажеттігін атаған еді.

Осы мәселені жан-жақты талқылау мақсатында Степногорск қаласындағы №2 Индустриалдық-техникалық колледжінде дөңгелек үстел шарасы ұйымдастырылды. Бұл отырысқа 1-4 курстың белсенді студенттері, педагогика ұжымының қазақ тілі мен ағылшын тілдерінің мамандары, философия және тарих пәндерінің оқытушылары қатысты. Олар өздерінің ойлары мен пікірлерін ортаға салып, президентіміздің маңызды шешімін қолдауға ықыластарын білдірді.

Латын әліпбиі әлемдегі ең танымал жазулардың бірі, бұл жазуды қолдап, өркениетті елдердің қатарына кіруіміз алыс емес. «Беру білмеген, алу да білмейді»–деген қазағымның сөздері бар. Олай болса, болашақты ойлап, тілімізді әлемдік деңгейге көтеруге еңбегімізді аямауға міндеттіміз. Тәуелсіз еліміздің латын әліпбиіне көшетіні сөзсіз. Бұл шешім – заман талабы. Ал осы шешімді  қолдайтын және  жүзеге асыратын жастарымыз, себебі олар біздің болашағымыз. Бабалар қалдырған тілі мен туын жоғары көтеретініне сенімдімін!

                                                                      

Алиева Б.С., қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы

Просмотров: 242


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст