"Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы  Степногорск қаласының жоғары колледжі " мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший колледж города Степногорск  при управлении образования Акмолинской области"

әлеуметтік желілер

    


«    Шілде 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысы білім басқармасы басшысының сапары

31.10.2017

2017 жылдың 27 қазанында Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Талғат Тұрлыбекұлы Жүнісов Степногорск қаласының білім беру объектілеріне жұмыс сапарымен келді.

Басқарма басшысы «Степногорск қаласы, №2 индустриалдық-техникалық колледжі» КММ жұмыс сапары барысында колледждің материалдық-техникалық базасымен танысты.

Колледж бойынша экскурсия кезінде колледж директоры - Елена Владимировна Крайнева, колледждың жетістіктерін, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырылуы туралы, болшаққа жоспарлар туралы айтып кетті. «Өндірістегі электромеханикалық құрылғылар», «Машина жасау технологиясы» мамандықтары бойынша дуалдық оқытуды ұйымдастыру арқылы көрінген, колледждің «Степногорск ЕПК» АҚ базалық әлеуметтік серіктестігімен қарым-қатынастарының жемісті еңбегі аталып кетті. Сонымен қатар ұйымдастырылған оқу-тәрбие жұмыстарының мәселелерімен таныстырылды: жеке тұлғаның тәрбиесі мен рухани-адамгершілік дамуына бағытталған студенттердің үйірмелермен, спорт секцияларымен, әскери-патриоттық клубпен, еріктілер мектебімен, робототехника бойынша факультативтермен, инклюзивтік білім беру негіздерімен  және т.б. қамтылғаны.

Оқу аудиториялары мен шеберханаларда сабақта болған 1-4 курс студенттерімен әңгіме барысында  Талғат Тұрлыбекұлы оқу үрдісімен, сабақ беру әдісімен, сабақта студенттердің қызметімен танысты.

Студенттер өз кезегінде басқарма басшысына сұрақтарын қоя білді.

Тамақ дайындау технологиясы және құрылғылар зертханасында Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай  кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға бағдарламасын іске асыру аясында, «Тамақтануды ұйымдастыру» мамандығы бойынша курстық дайындықты өтіп жатқан оқушылармен  әңгімелесті.

Жоспар бойынша осы күні колледжде 1 курс топтары арасында «Студенттер қатарына қабылдау»  дәстүрлі іс-шарасы өткізілуде.

Талғат Тұрлыбекұлы біздің бірінші курс студенттерін осындай атаулы күнмен құттықтап, оқуда табыс, кәсіби шеберліктің жоғарғы деңгейлеріне жетудің барлық жоспарлары мен идеяларының орындалуын тіледі. 

Сапардың қорытындысы бойынша, басқарма басшысымен техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде кадрларды дайындау бойынша сәйкесінше тапсырмалар мен ұсыныстар берілді.

Просмотров: 603


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст