"Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы  Степногорск қаласының жоғары колледжі " мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший колледж города Степногорск  при управлении образования Акмолинской области"

әлеуметтік желілер

    


«    Шілде 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тіл-елімнің тірегі

27.09.2017

Тәуелсіз елдің басты белгілерінің бірі – тіл. Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Елімізде достық пен бірліктің арқасында 130-дан астам ұлт өкілдері тату тұрады. Әр халықтың аса бай рухани қазынасы – туған ана тілі. Біздің өмірімізде  тілдің маңыздығы өте зор.

Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңы 1989 жылы 22 қыркүйекте қабылданды. 1997 жылдың 7 шілдесінде Қазақстан Республикасының Парламенті «Тіл туралы» жаңа заң қабылдады. Ата заңымыздың 7-бабында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі деп көрсетілген. Әр азамат үшін мемлекеттік тілді құрметтеу парыз болып саналады.   Республикамызда Тілдер мерекесіне орай әртүрлі дәстүрлі шаралар өтіп жатыр.

Қыркүйек айының 13-22 күндері  «№ 2 Индустриалдық-техникалық  колледжінде» тілдер апталығы өтті. Апта бойы қазақ, орыс және ағылшын тілі оқытушыларының жоспарлары бойынша, студенттер ашық сабақтар мен әртүрлі  шараларға қатысты. Тіл мерекесіне арналған «Көркем оқу шеберлері»  сайысына колледждің  1-3 курс студенттерінің белсенді қатысқандары бізді өте қуантады. Бұл сайыста студенттер ақындардың  өлеңдерін  мәңерлеп оқып Отанға, туған елге, тілге  деген құрметтерін жеткізе білді.

21 қыркүйек күні колледжде  «Тілім- менің қанатым» атты  интеллектуалды ойын-сайысы өтті.

Сайысқа аспазшы, электрик, машина жөндеу технология, дизайн, әлеуметтік-мәдени қызмет  мамандығының  2-3 курс студенттері белсенділік танытып, үш тілдік білім деңгейлері жоғары екенін байқатты.  Заман талабына сай, ойын қазақ-орыс-ағылшын тілдерінде жүргізілді. Барлығы 4 кезеңнен тұратын сайыс өте қызықты  өтті. Сайыстың сонында  Степногорск қаласының «Тілдер мен мәдениет бөлімі»нің  атынан Айтпаева Б.Е.  жеңімпаз студенттерді сыйлықтармен марапаттады.

Аптаның соңғы күнінде біздің студенттеріміз қалалық оқу шеберлер сайысына қатысып, жүлделі 1-ші  және 3-ші орынға ие болды.  Мерекелі апта өтсе де, алда талай жұлдыздар жанады деген сенімдемін.

Кәсіби терең білім берумен қатар, болашақта белсенділікке даяр,  жан-жақты дамыған  маман дайындаудың  басты бағыттарының бірі – студенттеріміздің  тіліне, туған жеріне  деген құрметін тәрбиелеу.

Просмотров: 460


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст