"Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы  Степногорск қаласының жоғары колледжі " мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший колледж города Степногорск  при управлении образования Акмолинской области"

әлеуметтік желілер

    


«    Шілде 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Отбасы дәстүрі

21.09.2017

Қыркүйектің 18 күні қалалық кітапханада отбасы күніне арналған «отбасы дәстүрі» атты іс-шара өтті. Қонақ ретінде Прохоров семьясымен колледжден 4Д-1 және 3ТТМ-1 топтары шақырылды.Қонақтар өз отбасылық дәстүрлері мен 48 жыл бірге кешкен өмірлері жайлы айтты. «Отбасы арманы», «Мақал-мәтелдер», «Отбасы шығармашылығы», «Отбасы тілегі» атты сайыстарға қатыстық.

Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады.

Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.

Түрлі сайыстарға белсенді қатысып, отбасы жайлы өлеңдер оқығанымыз үшін біздерді алғыс хатпен марапаттады.

Просмотров: 290


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст