"Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы  Степногорск қаласының жоғары колледжі " мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший колледж города Степногорск  при управлении образования Акмолинской области"

әлеуметтік желілер

    


«    Шілде 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ҚЫЗ ӨССЕ - ЕЛДІҢ КӨРКІ

21.04.2017

Ерте заманнан бері  қазақ халқымыз қыз тәрбиесіне көңіл бөліп, өздерінің ару қыздарын құрметтеген.  2017 жылдың 14-ші сәуірінде  жыл сайын дәстүрге айналған қалалық "АРҚА АРУЫ-2017 " байқауы  өтті.  Байқау төрт кезеңде өтті: өзін-өзі таныстыру, жемістерден композиция жасау, қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы сұрақтарға жауп беру, өз өнерлерін көрсету.

Қаламыздың 9 ару қыздары байқауға қатысып, сынға түсті. Өздерін таныстырып, сәлем салған сәттен бастап, сахнаның сәнін келтіріп, көрермендердің көңілін аулап алды. Салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызға деген құрметтері, ұлттық киімдері мен арнайы кештерге киетін сән көйлектері, шығармашылық  қабілеттері  мен  танымдық белсенділіктері үндесіп көрінді.

Осы сайыста № 2 Индустриалды-техникалық колледжінің  3 курс  студенті Урынбекова Ақмарал Бас жүлдеге ие болып, "Арқа аруы -2017 " атанды. 

Ақмаралдың болашақ мамандығы химик-лаборант. Ол өте әдепті және мейірімді жан. "Үздік студент", қалалық көркем оқу шеберлер сайыстарының, Республикалық ғылыми  зерттеу  жобалар байқауының жеңімпазы болып атанған. Колледжде кәсіби білім  алып, құзыреттілікке дайын, жан-жақты  дамыған дарынды тұлға ретінде қалыптасып келе жатқаны бізді өте қуантады. Бұл үшін колледжде барлық мүмкіндіктер  жасалған.

Ақмаралдың алдында мемлекеттік дипломды қорғау, жоғары дәрежелі маман болу міндеттері тұр. Ару қызымызға сәттілік тілеп, талай биіктерден көретінімізге сенімдіміз , себебі ұстазды рахатқа бөлейтін шәкірттерінің жеңісі. Осындай жастарымыз барында, еліміздің болашағына сенімдіміз...

Просмотров: 276


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст