2017 жылдың 10-ы ақпанында "Степногорск қаласы, №2 Индустриалдық-техникалық колледжі" КММ-де Совет әскерінің Ауғанстаннан шығарылуының 28 жылдығына арналған үлкен шара өтті.
Бұл іс-шара ауған соғысына қатысқан ардагерлермен бірге ұйымдастырылды. Колледждің салтанатты залы студенттер, оқытушылар және қонақтарға толы болды.
Біздің колледжіміздің студенттері: Абдикаримов Назар, Рыженко Вадим, Аманбаев Ринат, Зубченко Виктор, өз әндері мен өлеңдерін ардагерлерге арнады. Сонымен қатар, ардагерлерге арнап жазған өз шығармашылық өлең жолдарын 1 курс студенті Шекембай Мағжан тамаша оқыды:
Ұмытылмайды төгілген қан
Ұмытылмайды төгілген қан ешқашанда,
Біреуі бар, біреуі жоқ бұл заманда,
Өзі өлсе, тегі өлмейді сарбаздардың,
Ауғандағы Отан қорғаған батырлардың.
Біз сіздерді ұмытпаймыз бауырлар,
Сіздер ғой біздің басты қарулар,
Бүгінгі күн Сіздердің арқаларың,
Соғыс жеңіп, елге үлес қосқандарың.
Сол кезде Қазақстан батырлары,
Оққа қарсы оқпен жауап қайтарады.
Бауырларым атқа ұқсап шапқылаған,
Елі үшін дұшпандарды тапқылаған.
Батыр болып сарбаздар өз еліне оралған,
Жас ұрпаққа үлгі болып, елімізді қорғаған.
Ұзақ өмір тілеймін ардагерге ауғанның,
Рақмет айтам, мың алғыс, медаль таққан сарбазым!
Ауған соғысының зардабын ел ұмытпайды. Осынау сұрапылға біздің елімізден 22000-нан астам адам қатысып, 900-ден астам жауынгер қыршындарынан қиылды.
Демократиялық Республикасына, достық ниеттегі Ауғанстан халқына интернационалдық көмек көрсету мақсатында, сонымен қатар, кейбір мемлекеттер тарапынан антиауғандық акцияларды жоя отырып, оларға қайырымды жағдай жасау үшін, мұндай соғысты келешек жастарымыз көрмеу үшін өз жандарын аямаған азаматтарымыз халық есінен ешқашанды ұмыт болмайды.
Мұндай іс-шаралар жастарымызда Отанды қорғау, әскери борышты өтеу, патриоттық сезімдерді оятады.