«Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Тамақтандыру кәсіпорындарының өнімдерін өндіру технологиясы және оны ұйымдастыру» мамандықтары бойынша тамақтандыру кәсіпорындарымен ынтымақтастық жалғасуда. «Астор» мейрамханасы («Аэлита» ӨК, жетекшісі В.Омельяненко) өндірістік оқыту шеберлері және арнайы пәндер оқытушылары үшін тағылымдама өткізді. Әлеуметтік серіктес алаңында заманауи жабдықтарды пайдалану ережелері мен құрылғысымен, өнімді дайындаудың технологиялық процесін бақылау және сақтауды ұйымдастырумен танысты, тағамдарды дайындау, рәсімдеу және ұсынудағы заманауи технологиялар мен технологиялық тәсілдерді зерделеді.
«Аспаз ісі», «Кондитерлік өндіріс» құзыреттіліктері бойынша WorldSkills чемпионатына қатысу үшін бірлескен кәсіби даярлықты ұйымдастыру тағылымдаманың өзекті бағыты болды. Бұл жұмыста тәжірибелері бар, «Астор» мейрамханасының аспаздары аймақтық чемпионатқа 3 курс студенті Н.Красмиктің дайындығына қатысты. Колледж ынтымақтастықтың бұл бағытын жалғастыруды және нығайтуды жоспарлап отыр.