12 қарашада Қазақстанның білім берудегі критериалды бағалауды енгізу аясында, біздің колледжде педагогтер мен өндірістік оқыту шеберлері үшін оқыту семинары мына тақырыпта өткізілді: «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі бойынша оқыту нәтижелерін бағалаудың негізгі компоненттері»
Семинарды колледж қызметкерлері өткізді: А.Е.Сердобинцев, В.А.Габченко, З.А.Джункабаева және А.Б.Дошумова 12-23 қазан аралығында онлайн форматта өткен курс материалдары бойынша.
Тыңдаушыларға білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесін енгізудің негізгі кезеңдері айтылды; аралық/ қорытынды аттестаттауды өткізу үшін бағалау құралдарын әзірлеу алгоритмі ашылды. Семинардың практикалық бөлімінде Блум таксономиясына сәйкес пәндер бойынша оқу жетістіктерінің нәтижелерін бағалау критерийлері әзірленді және ағымдағы және аралық аттестаттауды өткізу үшін чек-парақтар орындалды.
Семинар нәтижесінде колледж педагогтары критериалды бағалауды табысты жүзеге асыруда: әдіснамалық тәсілдерден бастап, мұғалімнің тәжірибесіне енгізу тетіктеріне дейін құнды білім, дағдылар мен тәжірибе жинақтады.