"Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы  Степногорск қаласының жоғары колледжі " мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший колледж города Степногорск  при управлении образования Акмолинской области"

әлеуметтік желілер

    


«    Шілде 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Өндірістік оқытудың үздік шебері-2020" байқауы.

08.12.2020

Голубева Инесса Яковлевна-"Өнеркәсіптегі электромеханикалық жабдықтар (түрлері бойынша)" мамандығы бойынша өндірістік оқыту шебері "Үздік шебер-2020" байқауының финалына іріктеу турынан өтті.Конкурс кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінің 80 жылдығы және Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде өткізіледі. Ақмола облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өндірістік оқыту шеберлері арасында. Өндірістік оқыту шебері қызметіндегі жетістіктер келесі критерийлер бойынша бағаланды:                   

1) оқушылардың жетістіктерінің оң динамикасында көрсетілген қызметтің жоғары нәтижелілігі (білім мониторингі, жобалар конкурстарына, шығармашылық конкурстарға, кәсіби шеберлік конкурстарына және т. б. қатысу);                                                 

2) өндірістік оқыту шеберінің кәсіби құзыреттілігі (біліктілігін арттыру, инновациялық білім беру технологияларын, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану туралы мәліметтер, кәсіби конкурстарға қатысу);                         

3) шебердің педагогикалық қызметінің нәтижелілігі (өз педагогикалық тәжірибесін жинақтау және тарату туралы мәліметтер, педагогтың қатысуымен өткізілетін семинарлардың, ғылыми-практикалық конференциялардың, бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу материалдары, жарияланған әдістемелік еңбектер, салааралық және халықаралық ынтымақтастықты дамыту);

4) алғыс хаттар, грамоталар, дипломдар);

5) Өндірістік оқыту шеберінің өңірде, республикада білім беруді дамытуға қосқан жеке үлесі (қызмет бағыты бойынша авторлық бағдарламаларды, оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу).

Конкурс екі турда өткізіледі: 1 іріктеу турына ө/о шебері қызметінің жетістіктері және өздігінен білім алу тақырыбы мен әдістемелік тақырып бойынша бейнеролик ұсынылды. 9 желтоқсанда конкурстың 2-ші (финалдық) туры өтеді, онда конкурсқа қатысушылар онлайн форматта ZOOM платформасында WorldSkills International стандарттарына сәйкес "Бағалау парағын әзірлеу" облыстық конкурстық комиссиясына ұсынатын болады.

Барлық ұжым Инесса Яковлевнаға екінші (финалдық) турда сәттілік тілеп, байқау жеңімпаздарының қатарына қосылуын тілейді!

Габченко В.А.

Просмотров: 502


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст