Кеше колледж студенттерімен «Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында конференция өтті. Іс-шараның мақсаты студенттердің қоғамдағы кез-келген сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзімсіз көзқарасын қалыптастыру болды. Конференция барысында студенттерге Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі ережелері туралы ақпарат берілді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, сыбайлас жемқорлық тұжырымдамасы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жетілдіру, студенттер арасында заңның үстемдігі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртіпті орнату, жастар арасындағы сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушіліктің мәні түсіндірілді.
Студенттермен дәрісті директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айнур Бейсембаевна Сатанова жүргізді.
Директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Айнур Сатанова