"Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы  Степногорск қаласының жоғары колледжі " мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший колледж города Степногорск  при управлении образования Акмолинской области"

әлеуметтік желілер

    


«    Мамыр 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Worldskills чемпионаты түлектерді одан әрі кәсіби қызметке тиімді ынталандыру тәсілі болып табылады

«Ақмола облысының білім басқармасына қарасты Степногорск қаласының жоғары колледжі» КМҚК «Зертханалық және химиялық талдау» құзыреті бойынша 3 курс 3 ХЛ-19 топ студенттері арасында Worldskills колледжішілік чемпионаты өтті. «Биомедпрепарат» Ұлттық талдау орталығы» ЖШС әлеуметтік серіктесінің зертханасында. Сарапшы ретінде студенттердің жұмысын зертхана қызметкерлері – Айгожина Айтолқын Серікқызы мен Смирнова Светлана Юрьевна бағаласа, колледжден директордың кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары Бонар Галина Васильевна жұмысты бақылады.

Байқау 3 модульден тұрды, олардың әрқайсысы әртүрлі бағыттағы жұмыстар бойынша оқушылардың білімдері мен дағдыларын анықтауға мүмкіндік берді. Бірінші модуль зертханалық тәжірибе бойынша теориялық сұрақтарды қамтыды. Екінші модульдің тапсырмасы кендегі алтынды анықтау үшін толық сынама дайындау процесін жүргізуге бағытталды. Бұл тапсырма студенттердің зертханалық құрал-жабдықтармен жұмыс жасаудағы практикалық дағдыларын, ұсынылған әдістеме бойынша жұмыстың дұрыстығын, жұмыс процесінде қауіпсіздік ережелерін сақтауын көрсетті. Үшінші модуль – «Ауыз судағы күміс нитратымен титрлеу арқылы хлорид иондарының құрамын анықтау».

Байқау барысында студенттер тәжірибелік дайындықтың жақсы деңгейін, қажетті химиялық шыны ыдыстарды және талдау үшін зертханалық құрал-жабдықтарды пайдалана білуді көрсетті. Байқауға қатысушылардың әрқайсысы жоғары дайындық деңгейін көрсеткендіктен, оларға баға беру өте қиын болып шықты.

Сайысқа 4 оқушы қатысып, сайыс қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді – Шенбек Анстасия 1 орынды, 2 орынды Шарова Дарья мен Шолко Ирина, 3 орынды Чернышева Ксения бөлісті.
Кәсіпорында байқау өткізуге мүмкіндік берген мекеме басшысы мен қызметкерлеріне алғысымды білдіремін.

Өндірістік оқыту шебері Тополя В.В.

 

Жаңартылған күні: 09.03.2022 16:18
Құрылған күні: 09.03.2022 15:57

Текст