"Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы  Степногорск қаласының жоғары колледжі " мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший колледж города Степногорск  при управлении образования Акмолинской области"

әлеуметтік желілер

    


«    Мамыр 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Worldskills колледжішілік чемпионаты "Кірпіш қалау" құзыреті бойынша»

2021 жылдың 11 наурызында "Степногорск қ., индустриалдық–техникалық колледжі" МКҚК "Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану" мамандығы бойынша Worldskills Junior колледжішілік чемпионаты өткізілді. Кәсіби шеберлік чемпионатына бірінші курс студенттері қатысты - 1МС 20 Кокарев Руслан, Бостанов Тимур, Локтев Сергей.

Бұл байқау жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту мақсатында, сондай-ақ "Кірпішпен қалау" құзыреттілігі бойынша WorldSkills Junior колледжішілік чемпионатының үздік студенттерін анықтау үшін өткізіледі.

Чемпионаттың конкурстық тапсырмасы бір модульден тұрды - "Қалыңдығы 0,5 кірпіш бұрышын қалау". Тартысты күрес барысында чемпионат қатысушылары барлық қойылған мақсаттар мен міндеттерді орындап және белгіленген уақытта орындала отырып, алған білімдерін, біліктері мен дағдыларын көрсетті. Жарыс кезінде әр қатысушының жеңіске жетуге және бірінші болуға деген ықыласы көрінді. 

Сарапшылардың құзырлы комиссиясы: Оразбай Теміртасұлы Қасенов, Александр Алексеевич Лагунов (арнайы технологиялар оқытушысы), Серік Қорқытбайұлы Ахетов (ө/о шебері) чемпионатқа қатысушылардың конкурстық тапсырманы орындаудағы жұмыс сапасын бағалап, қорытындысын шығарды.

WorldskillsJunior колледжішілік чемпионатының қорытындысы бойынша сарапшылардың шешімімен 1 орынды Руслан Кокарев иеленді, қалған қатысушылар "Бірінші болғым келеді" - Сергей Локтев, "Жеңіске деген ерік" - Тимур Бостанов номинациясын алды.

Ө/о шебері Мусина А. Д

Жаңартылған күні: 16.03.2021 20:22
Құрылған күні: 16.03.2021 20:22

Текст