"Аспаз ісі" құзыреттілігі бойынша WorldSkills Junior колледжішілік чемпионаты

16 наурызда WorldSkills стандарттары бойынша "Аспаз ісі" құзыреттілігі бойынша WorldSkills Junior колледжішілік чемпионаты өтті.

1 ОП-20 тобының бірінші курс студенттері қатысты, олар тапсырма бойынша бір модуль - "Пюре-сорпасы" бірінші тағамын дайындауға тиіс болды. Пюре-сорпасы - бұл тазартылған көкөністерден, жармалардан, ет, құс етінен немесе балықтан жасалған қалың сорпа; айқын дәмі бар, адам ағзасына оңай сіңетін және тәбетті көрінетін қоректік тағам.

Плоских Даниил "Ірімшік пен саңырауқұлақ пюро-сорпасын" дайындады және бірінші орын алды, Баубекова Маргарита  "Саңырауқұлақ пюро-сорпасын" дайындады", Сексенова Диана "Ірімшікпен пюро-сорпасын" дайындады, Кутуева Ләззат "Ірімшікпен тауық пюро-сорпасын» дайындады.

Студенттер қойылған тапсырманы орындап шықты, қазылар алқасының мүшелері қатысушылардың жақсы дайындығын атап өтіп, байқаудың қорытындысын шығарды.

Ө/о шебері Молдабеков А. М.