18 маусымда «Заманауи технологияларды қолдану арқылы оқу процесінің сапасын арттыру» тақырыбында Ақмола облысының шығармашылық бағыты әдістемелік бірлестігінің онлайн-отырысы өтті. Вебинар түрінде өткен іс-шараның мақсаты ТжКБ жүйесінің шығармашылық бағытындағы мұғалімдер қызметінің тиімділігін арттыру болды. Біздің арнайы пәндер оқытушысы Ольга Александровна Хуснулина қашықтықтан оқытудың белсенді әдістері арқылы заманауи оқыту әдістері мен студенттердің шығармашылық бейімділігін дамытудың ерекшеліктерін ұсына отырып, облыстағы колледждердегі әріптестерімен өзінің жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Бұл вебинар мұғалімдерге оқыту сапасын арттыру және білім беру үдерісіне WorldSkills стандарттарын енгізу үшін заманауи педагогикалық технологияларды қолдану тәжірибесімен тағы бір рет талқылауға және бөлісуге мүмкіндік берді.
Колледж әдіскері: В.Габченко