"Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы  Степногорск қаласының жоғары колледжі " мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший колледж города Степногорск  при управлении образования Акмолинской области"

әлеуметтік желілер

    


«    Шілде 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2021 жылға арналған есеп

01.03.2022
  1. Жалпы ережелер

         1) Қызмет көрсетушілер туралы мәліметтер: «Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы Степногорск қаласының жоғары колледжі» МКҚК. Заңды мекенжайы: Ақмола облысы, Степногорск қаласы, 4 шағын аудан, 130 ғимарат.

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат::

         «Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы Степногорск қаласының жоғары колледжі» МКҚК 8 мемлекеттік қызмет көрсетеді.

         2021 жылы 439 мемлекеттік қызмет көрсетілді:

         «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызметтер саны - 37;

          электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 23;

         қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны-379.

         Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

          2020 жылы 475 қызмет көрсетілді:

         «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызметтер саны - 38;

қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны-437.

3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

Білім беру саласында сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

  • Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау»;

«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру»;

«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну»;

   2. Қызмет алушылармен жұмыс:

  1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат басты интернет-ресурста орналастырылған (<url> aqmoedu.kz) «мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары мен қағидалары орналастырылған. Әлеуметтік желілердің ресми беттерінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат тұрақты негізде жарияланады. Сондай-ақ ақпараттық стендтерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.

  2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.

  Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталында жүзеге асырылады.

  3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

2021 жылы БАҚ және әлеуметтік желілерде 13 мақала жарияланды, 1 тікелей эфир өткізілді. Ай сайынғы негізде БАҚ, қызмет көрсетушілердің интернет – ресурстары арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізіледі.

  3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

  1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

  ТжКБ саласында «College Smart Nation» ақпараттық жүйесінде 8 мемлекеттік қызмет автоматтандырылған.

  Бұдан басқа, ТжКБ-дағы «College Smart Nation» ақпараттық жүйесі колледждердегі оқу процесін цифрлық форматта автоматтандыруға мүмкіндік берді: талапкерлерден құжаттарды қабылдау, оқуға қабылдау, оқудан шығару бұйрықтары; оқу жоспарлары, журналдар.

 

  4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

  1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

  2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.

  2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бекітілген бақылау іс-шаралар жоспарына сәйкес бақылау іс-шарасы өткізілді. Бақылау іс-шарасын жүргізу кезінде сәйкессіздіктер жоқ. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тарту анықталған жоқ..

  5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің одан әрі тиімділігін және оныңсапасына қыметті алушылардың қанағаттануын арттыру

  Қызмет алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2022 жылға ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.

  2022 жылы жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыратын болады.

Просмотров: 1001


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст