"Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы  Степногорск қаласының жоғары колледжі " мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший колледж города Степногорск  при управлении образования Акмолинской области"

әлеуметтік желілер

    


«    Шілде 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сарбаздардың әскердегі бір күні

27.04.2022

Қазақстан Республикасы Отан қорғаушылар күні және Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толуы қарсаңында, 2022 жылдың 26 ​​сәуірінде АӘД оқытушы-ұйымдастырушысы К.А. Бақбергенов және колледж студенттері (Канафин Нариман, Шиянов Владислав, Төребеков Нұрғиса) «Степногорск қаласындағы Достық және шығармашылық үйі» МКҚК өкілі А.Қыдырбековпен бірге ҚР Ұлттық ұланының 3517 әскери бөлімінде экскурсия өткізілді.

Бөлімге кіре берісте бізді бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары Бинұр Серікбайұлы Ырысқұлов пен оның көмекшісі жылы лебізбен қарсы алды. Осыдан кейін бәріміз бірге оның аумағын аралауды бастадық. Біз асханаға, казармаға, спортзалға бардық және саптық алаңында, қызметтік иттердің питомнигінде, спорт қалашығында, күзет орнында және т.б. жерлерде де болдық.

Ротаның мерзімді қызметтегі әскери қызметшілері бізге олардың «Сарбаздардың әскердегі бір күні» қалай өтіп жатқанын көрсетті. Студенттерге әскери бөлімде өткізген уақыттары өте ұнады және олар өздерін сарбаздар – нағыз «Отан қорғаушылар» рөлінде сезінді. Осы іс-шара барысында студенттер сарбаздардан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарындағы қызметке қатысты барлық сұрақтарды сұрады.

Біз әскери бөлім командиріне және оның қарамағындағы әскери қызметшілерге іс-шараны өткізуде берілген мүмкіндік пен бірлескен жұмыстары үшін алғысымызды білдіреміз.

АӘД оқытушы-ұйымдастырушысы  К.А. Бақбергенов

Просмотров: 2166


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст