Өткен айда біздің колледжімізде 4Д-1 тобында World Skills чемпионаты өтті. Конкурстың барысы мен шартына сүйенсек, сайыскерлердің арасынан жеңімпазды тандау талап болды. Визуальный мерчандайзинг – қолайлылық пен әсемдіктің айнасы. Дүкен интерьерінің барлық элементтері өзара әдемі үйлесуі, ал сөрелер бүтіндей алғанда бірін-бірі толықтырып, көз тартарлық әсем болуы тиіс. Сөрелерге қандай заттар қажет, оларды қай жерге және қалай орналастыру, әшекейі мен түсі, бөлменің әшекейлі болуын өзгерту-өзгертпеу туралы мәселені алдын ала ойластыру керек.
Бұл сайысқа төрт адам қатысты. Қатысушылардың жұмыстары өте қызықты, әдемі және өзіндік мағыналы болып шықты. Бағалаудың қорытындысы бойынша, төрешілер үшінші орынды Балыко Кристинаға берді. Екінші орынға Логинова Анна мен Ильясова Евгения ие болды. Ал бірінші орын алған жеңімпазымыз Габрова Екатеринаны бәріміз шын жүректен құттықтап,болашақта зор табыстар тіледік.
Жарайсыңдар!