"Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы  Степногорск қаласының жоғары колледжі " мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший колледж города Степногорск  при управлении образования Акмолинской области"

әлеуметтік желілер

    


«    Шілде 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2020 жылғы 01 қазандағы жағдай бойынша білім беру ұйымының қаржылық қызметінің негізгі көрсеткіштері

04.11.2020

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Степногорск қ., индустриалды-техникалық колледжі» МКҚК білім беру ұйымдарының қаржылық қызметінің негізгі көрсеткіштеріне

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

 

«Степногорск қ., индустриалдық-техникалық колледжі» МКҚК облыстық бюджеттен қаржыландырылады. Осы бағдарламаның мақсаты мен міндеттері тұлғаның зияткерлік, мәдени және адамгершілік дамуға, орта кәсіптік білім алуға және таңдаған кәсіби қызметінде біліктілікке деген қажеттілігін қанағаттандыру, өңірдің және елдің қажеттіліктеріне және орта және орта кәсіптік білім берудің қолданыстағы мемлекеттік стандартына сәйкес қоғамның білікті мамандарға әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.

Мемлекеттік лицензияға сәйкес қолданыстағы мамандықтар бойынша кадрлар даярлау үшін колледжде тиісті оқу-материалдық база бар. Қазіргі уақытта бар: 

 Жобалық қуаты 399 адам № 1 оқу корпусы.  

Жобалық қуаты 398 адам № 2 оқу корпусы.  

Жобалық қуаты 182 орындық жатақхана.

Колледж бойынша штат саны 246,6 бірлікті құрайды, оның ішінде әкімшілік персонал 10,0 бірлік, негізгі персонал (педагогикалық құрам) 58,1 бірлік (немесе 41816 сағат), өндірістік оқыту шеберлері 51,0 бірлік, қосалқы және техникалық персонал 127,5 бірлік.

9 айдағы шығындар еңбекақы төлеуге 221 654,9 мың теңгені, салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерге 23 618,1 мың теңгені, коммуналдық шығыстарға 23 275,0 мың теңгені құрайды.

Контингент 1 қазанға 625 адамды құрайды, бір білім алушыға жұмсалатын орташа шығын 703,7 мың теңгені құрайды. Стипендия бойынша 9 айдағы шығындар 83 991,5 мың теңгені құрайды, жолақысы үшін өтемақы 4 017,6 мың теңгені құрады, тамақтануға өтемақы 21 380,8 мың теңгені құрады.

9 айдағы тауарлар мен қызметтерді сатып алуға шығындар 27 281,6 мың теңгені құрайды. оның ішінде отын мен жанар-жағармай материалдарын сатып алуға және колледждің оқу процесін сапалы жүргізуді қамтамасыз ету үшін кеңсе керек-жарақтарын , оқу орындарында тазалықты сақтау үшін жуу және тазалау құралдарын, оқу орны мен жатақханада тәртіпті ұстау үшін шаруашылық, құрылыс, электр, сантехникалық материалдарды, практикалық сабақтарды сапалы өткізу үшін көрнекі және шығыс материалдарын сатып алуға, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 12.03.12 жылғы № 320 қаулысымен белгіленген нормалар бойынша автокөлік жөндеу үшін қосалқы бөлшектер, аспаз зертханасы мен асхана үшін ыдыс - аяқ, жеке гигиенаға арналған құралдар, кеңсе керек-жарақтары, аяқ киім, жетім балаларға арналған киім-кешек есептелген. Жұмыстар мен қызметтер: қызметкерлерді медициналық тексеру ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің "Міндетті медициналық тексерулер жүргізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесін және міндетті медициналық тексерулерді жүргізу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес қызметкерлер ұйымның санатына сәйкес зертханалық және функционалдық зерттеулерден өтуі тиіс, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалар көрсеткен жұмыстарға, қызметтерге ақы төлеу, СанПИН нормаларына сәйкес термометрлерді, манометрлерді тексеру қызметтері көзделген, АЖС, бейнебақылау, көлік құралдарына қызмет көрсету, жылу беру маусымына жылу-электр жабдығын тексеру, жылу және электр шаруашылығы үшін жауапты емтихандарды төлеу, күштік электр жабдығын өлшеу, 1С "Бухгалтерия-бюджет" конфигурациясын сүйемелдеу және әзірлеу бойынша қызметтерге ақы төлеу, "білім беру қызметкерлерінің жалақысы бойынша тарифтеу" бағдарламалық қамтамасыз етуді сүйемелдеу және техникалық қолдау, дератизация және дезинсекция қызметтері, қоқыс шығару және ҚТҚ көму бойынша қызметтер, ұйымдастыру техникасын ұстау және техникалық қызмет көрсету, жалақыны, іссапар шығыстарын, стипендияны және жеке тұлғаларға карт-шоттарға трансферттерді аудару, баспа-бланкі өнімдерін дайындау бойынша банктік қызметтер колледж түлектеріне берілетін куәліктерді, дипломдарды және қатаң есептілік бланкілерін сатып алуға арналған шығындар көзделген. Оқу корпусының холлында ағымдағы жөндеу жүргізілді; оқу корпусының холында төбелерді ағымдағы жөндеу (армстронг); жылыту жүйелерін және осыған байланысты жабдықтарды орнату/монтаждау бойынша жұмыстар; шыны жұмыстары; Тапсырыс берушінің өлшемдері бойынша терезелерді және/немесе олардың жиынтықтауыштарын жөндеу/дайындау бойынша жұмыстар; терезе блоктарын монтаждау жұмыстары; металл пластик есіктерді дайындау бойынша жұмыстар; кабинеттерді ағымдағы жөндеу; 1 корпустағы бейнебақылау камераларын ауыстыру; 1 корпустың колледж периметрі бойынша қоршау орнату; оқу корпусының; Қоршау периметрі бойынша бейнебақылау камераларын орнату 1 корпус; жатақхана ғимаратындағы эвакуациялық жолдарды ағымдағы жөндеу; 2 корпус шеберханаларындағы дәретхананы ағымдағы жөндеу; 34 593,8 мың теңге сомасына 1 корпус шеберханаларында қабырға бөлгіштерін дайындау бойынша жұмыстар.

Просмотров: 256

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст